Гүлнара Құлқаева 1969 жылы туған. 1994 жылы Астрахань мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша дәрігер біліктілігімен, 2009 жылы Нагой университетінде (Жапония) магистратураны (Graduate Medical School of Nagoya University) "Денсаулық сақтауды басқару" мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы - Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2015 ж. - Almaty Management University (Халықаралық бизнес академиясы) "Іскерлік әкімшілендіру, іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Гүлнар Құлқаева еңбек жолын 1996 жылы Астрахань облыстық клиникалық инфекциялық аурулар ауруханасында инфекционист дәрігер ретінде бастаған.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы болған.
Гүлнара Құлқаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғысы мен Құрмет грамоталарына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісіне ("Денсаулық сақтау үздігі") (2008 ж.), "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі" (2012 ж.), "Ерен еңбегі үшін"медаліне ие.
Айта кетейік, "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК - ғылыми негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуіне және халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту жөніндегі Қазақстандағы жетекші ұйым.