Ұлттық ғылыми хирургия орталығында биыл 2 мыңға жуық бірегей ота жасалды

1534

Ең күрделісі – тірі донордан ағзаларды трансплантациялау. Бүгінде адамдарды толыққанды өмірге қайтаруға көмектесетін осындай оталар саны жылдан жылға артып келеді.

Ұлттық ғылыми хирургия орталығында биыл 2 мыңға жуық бірегей ота жасалды

Алматыдағы ҚР ДСМ-нің А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында биыл 2 мыңға жуық бірегей ота жасалды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

2018 жылдың 11 айында жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету аясында А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары 2 млрд теңгеден астам сомаға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде 1959 ота жасады. Қазіргі заманғы, озық технологияларды қолдана отырып: кардиохирургия, микрохирургия, трансплантология, интервенциялық аритмология, гепатобилиарлық хирургия сынды бейіндер бойынша операциялар жүзеге асты.

Ең күрделісі – тірі донордан ағзаларды трансплантациялау. Бүгінде адамдарды толыққанды өмірге қайтаруға көмектесетін осындай оталар саны жылдан жылға артып келеді.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде Қазақстан азаматтарына тегін ұсынылады. Мемлекет есебінен төленетін бір отаның құны 200 мың мен 5 млн теңге арасында.

Аймақтардағы басқа қалалардан келетін науқастарға қызмет көрсету 69 % құрайды. Пациенттер арасында Алматы облысы тұрғындарының үлес салмағы  – 33,1%, Қызылорда облысынан – 11,5%, Түркістан облысынан – 7,0% және Жамбыл облысынан – 6,8% құрайды.

Орталықта қазір 128 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде: 11 медицина ғылымдарының докторы, 22 медицина ғылымдарының кандидаты, 26 жоғары санатты дәрігер, 35 бірінші және екінші санаттағы дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу