Ұлттық ғылыми онкология орталығы 100 пайыз мемлекет меншігіне өтеді

631

Үкіметтің қаулысы 1 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланды.  

Ұлттық ғылыми онкология орталығы 100 пайыз мемлекет меншігіне өтеді Фото: cancercenter.kz

"Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша жарғылық капиталға қатысу үлесін қабылдау туралы" ҚР үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сыйға тарту шарты бойынша "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын республикалық меншікке беру туралы Turar Healthcare коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын", – деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасын әзірлеушілердің түсіндіруінше, Turar Healthcare коммерциялық емес қоғамы мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енді.

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-тармағына сәйкес, арнайы құқық субъектілеріне акцияларды иеленуге, сондай-ақ өзге де жолмен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысуға тыйым салынады. Осыған байланысты Turar Healthcare КЕАҚ сыйға тарту шарты бойынша "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің жүз пайызын мемлекет меншігіне береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу