Ұлттық халық санағы екі тәсілмен өткізіледі

1803

Халық санағы биыл Ресейде ұйымдастырылады. Соларға сәйкестендіру мақсатында елімізде бір жылға кейінге шегерілді. 

Ұлттық халық санағы екі тәсілмен өткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық халық санағын өткізуге дайындық басталды. Жауапты науқанды жүргізуге бір мың адам тартылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде ұлттық халық санағы екі кезеңмен өтеді. 1-30 маусым аралығында жауапты қызметкерлер үй-үйді аралап тіркейді. СҚО Статистика департаменті науқанға дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атаулары мен үй, пәтер нөмірлерін ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СҚО Статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі – екінші кезеңі қазан айына жоспарланған. Бұл уақытта адамдардың саны, ұлты, ұстанатын діні, әлеуметтік жағдайы, яғни айлық табысы туралы ақпарат алынады.

"ТМД елдерінде ұлттық халық санағы әр он жыл сайын өтеді. Мәселен, биыл 2020 жылы Ресейде ұйымдастырылады. Соларға сәйкестендіру мақсатында елімізде бір жылға кейінге шегерілді. Өйткені бұл маңызды науқанда халық санын ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін аламыз. 2009 жылы өткен санақтан ерекшелігі – электронды түрде өтуі. Мәлімет планшетке енгізіліп, бірден Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі", – дейді СҚО Статистика департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Қалижанов.

Іс-шараға мыңнан астам адам тартылады. Оларға толтырылған сауалнама санына қарай еңбекақы төленеді. Санақ жүргізетін мамандар планшеттермен қамтылады.

"Биыл халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі. Оның бірі сауалнаманы өздігінен толтыру. Ол үшін арнайы "sanaq-2020" интернет-порталы ашылады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Өте ыңғайлы тәсіл, тұрғын ыңғайлы уақытта ЖСН енгізу арқылы өзі және отбасы мүшелері туралы мәлімет енгізеді. Бұл, біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Ал екінші тәсілінде арнайы дайындықтан өткен интервьюер үй-үйді, пәтер-пәтерді аралап, тұрғынның айтуына сүйене отырып, мәлімет жинайды", – дейі Қуанышбек Қалижанов.

Соңғы рет мұндай санақ 2009 жылы өтті. Статистика департаменінің мәліметінше, сол кезде облыс халқын 596 535 адам құраған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу