Ұлттық халық санағына 8,2 млрд теңге бөлінеді

1019

Қомақты қаржының 3,7 млрд теңгесі жалақыға жұмсалады. 

Ұлттық халық санағына 8,2 млрд теңге бөлінеді

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтың мәлімдеуінше, 2009 жылы республикалық бюджеттен жалпыұлттық халық санағына 6,5 млрд теңге жұмсалған. Биылғы санаққа 8,2 млрд теңге бөлінеді. Оның 3,7 млрд теңгесі интервьюерлердің жалақысына жұмсалады.

"Санақ жүргізу үшін онлайн-ресурс пен ақпараттық жүйе құрастыруға 900 млн теңге қарастырылған. Әрбір аймақта санақ басқармасы мен бөлімдер ашылды. Кейбір аудандарда жалға авкөлік алу жоспарланып отыр. 1 млрд теңгеге жуық ақшаға интервьюерлерге планшет, сөмке және бөкебай алынды", – деді статистика комитетінің төрағасы.

2020 жылдың қазан айында өтетін жалпыұлттық халық санағының бастапқы қорытындысы 2021 жылдың ІІ-ІV тоқсанында, нақты қорытындысы 2022 жылдың  І-ІV тоқсанында жарияланады. 

Айта кетейік, елімізде жалпыұлттық санақ  10 жылда бір рет өткізіледі.  Соңғы санақ 2009 жылы ұйымдастырлғанын ескерсек, биыл өтейін деп жатқан санақ былтыр, яғни 2019 жылы өтуі тиіс еді. Алайда бірқатар ұйымдастыру мәселелерінің туындауына байланысты жалпыұлттық санақ  2020 жылы өткізілетін болды. 

2009 жылғы жалпыұлттық санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн 4 мың адамды құрады. Халық санының өсімі 1999 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға артқаны анықталды. 

Біле жүріңіз, статистикалық дерек бойынша, қазір елімізде 18 млн 600 мың адам өмір сүріп жатыр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу