Ұлттық кәдесыйлардың көбеюінде шеттен келген қандастадың үлесі көп

1020

Ұлттық кәдесыйлардың көбеюінде шеттен келген қандастадың үлесі көп

Жыл басынан бері Ақтөбе өңіріне сырттан 21 отбасы көшіп келген. 124 адамға "оралман" мәртебесі беріліп, тиісті мемлекеттік көмек көрсетілді, деп хабарлайды 24.kz.

Тарихи отанына қоныс аударғандардың басым бөлігі көршілес Өзбекстаннан жетті.

Ел тәуелсіздік алғалы өңірге мыңдаған қандасымыз қоныс аударды. Бір ғана Көктау ауылында 100 отбасы тұрады.

Ақтөбелік шебер Орынбасар Төлегенов жасаған ұлттық кәдесыйлар ЭКСПО көрмесіне қойылды. Жас қолөнерші 12 жыл бұрын Өзбекстаннан оралған. Қыштан түрлі бұйымдар жасайтын шеберді қала халқы тани бастады. Бір-бірін қайталамайтын ерекше туындыларына тапсырыс берушілер көп. Орынбасар облыстық тарихи-өлкетану музейде суретші болып еңбек етеді. Ғасырлар бойы сақталған құнды жәдігерлерді жаңғыртумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу