Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңның қабылданғанына 5 жыл толды

1174

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңның қабылданғанына 5 жыл толды

 Бүгін "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заңның қабылданғаны 5 жыл толды, деп хабарлайды atameken.kz.

"Бүгінде мемлекет бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырды. Бұған жеңілдетілген қаржы, салық артықшылығы, шығынды өтеу, ұзақ мерзімді тапсырыс пен реттелетін сатып алудағы басымдық кіреді", – деп атап өтті Абылай Мырзахметов "Атамекен" ҚР ҰКП V съезінде.

"Атамекен" ҚР ҰКП V съезінде алдағы 5 жылға арналған стратегиялық міндеттер таныстырылды.

"Атамекен" бизнеске өндірісті жергіліктендіру және жаңғырту, жаңа өндірісті игеру, жұмыс орнының санын арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және салық аударымдарын кезең-кезеңімен өсіру міндеттемесін бекітуді ұсынды.

Бұл ұсыныс "Атамекеннің" таяу 5 жылға арналған жаңа стратегиясына кіреді. Оған Ұлттық палата белсенді жұмыс атқарып отырған 10 басым міндет жатады.

Стратегияға бизнестің құқығын қорғау, бизнес-ортаны жақсарту, қол жетерлік несие беру, бизнестің бәсекелік қабілетін немесе индустриализациядағы жаңа тәсілдерді арттыру, адами капиталды дамыту, жаппай кәсіпкерлік енді.

"Атамекен" шағын және орта бизнесті саралауға болады деп есептейді. Бұл дегеніміз – орта бизнес индустриализациядағы жаңа тәсіл бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады", –­ деді Абылай Мырзахметов

Басқарма төрағасы стратегияға сонымен қатар "Бизнеске арналған үкімет", агроөнеркәсіп кешенін дамыту және кәсіпкерлердің өтінішімен тариф саясатын реттеуге қатысты мәселелер енгенін атап өтті.

Абылай Мырзахметов съезде кәсіпкерлікті дамытудың жүйелі көрінісін және елдің жалпы экономикасын беретін мақсатты экономикалық үлгі бойынша ұысыныстармен таныстырды. Ұсынылған мақсатты экономикалық үлгіге қаржы-несие саясаты аясындағы шаралар, ынталандыратын салық саясатына өту, бюджет шығынының тиімділігін арттыру, мемлекеттік экономикадағы қатысу үлесін азайту, микро- және шағын бизнесті дамыту, индустриализацияның жаңа әдістері енген.

Абылай Мырзахметов бұрынғы стратегияны 2016 жылы "Атамекен" ҚР ҰКП төралқасы бекіткенін еске салды, оның 70%-ы орындалды. Оның қатарында шағын несиелеу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, бизнеске арналған үкімет және тағы басқалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу