Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті  Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі  тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу