Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 адамды ұстады

739

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы аумағында арнайы операция жүргізді. Тексеріс барысында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында жалпы,  21 жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілген.  Тексерістің нәтижесінде 8 адам ұсталды. Олардың Ішкі қауіпсіздік бөлімі өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Серікбаев та бар. Айта кетейік, жедел-тергеу іс-шаралары әлі де жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу