Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде арнайы операция өткізіп жатыр

1012

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде арнайы операция өткізіп жатыр

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Әрсен Бектасов Ақтөбеде болып жатқан арнайы операция туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен Ақтөбеде, мұнай өңдеу зауыты ауданына қарай арнайы операция өтуде. Күдіктілерді ұстау қаланың түрлі бөліктерінде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні қалада болып жатқан күдіктілерді ұстау жұмыстарына негізделген арнайы операцияның мақсаты мен міндеті жарияланбай отыр. Аталмыш жұмыстардың жай-жапсары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп отырған арнайы операция аяқталғаннан кейін берілетін болады", – деді ол агенттік тілшісіне берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу