Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауды бастады

355

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасуда. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауды бастады Фото: Қазақпарат

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция барысында қанша адамның қолға түскені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында ұсталғандар саны 30 адам болып отыр.

Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу