Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады

7545

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмғандардың қазақстандықтар екені және олардың Ресейге шыққаны расталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады Фото: Бейнежазбадан

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады", – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу