Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте және Қазақстанның алты облысында қылмыстық топтарға қарсы операцияны бастады

489

Қазақстанның жеті өңірінде діни ағым өкілдерінен тұратын қылмыстық топтарға қарсы операция басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте және Қазақстанның алты облысында қылмыстық топтарға қарсы операцияны бастады Фото: www.gov.kz

17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесетін операцияны бастады.

"Өткізілген іс-шараның нәтижесі жақында жарияланады" деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу