Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпаратқа қатысты ескерту жасады

157

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпаратқа қатысты ескерту жасады Фото: rus.azattyq.org

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәлімдеменің жалған екенін нақтылап, ондағы ақпарат шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

– Қоғамда "Бессмертный полк" акциясына бойкот жариялауға шақыратын, патриоттыққа қарсы мазмұндағы риторика таратып жүрген тұлғалар туралы мәлімет жинау үшін арнайы Telegram-бот іске қосылды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл хабарламада ҰҚК баспасөз қызметінің атынан жасалған жалған мәлімдеме көрсетілген, – деп хабарлады комитеттен.

Ведомство барлық ресми ақпарат тек knb.gov.kz сайты, сондай-ақ @knbgov_kz Telegram-арнасы мен @knbgovkz Instagram парақшасы арқылы таратылатынын еске салды.

 Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз,  делінген ҰҚК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу