Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны тергей алатын құзыретке ие болды

1185

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны тергей алатын құзыретке ие болды

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өз ішіндегі парақорларының ісін енді ұлттық қауіпсіздік комитеті тергейді. Арнайы қызмет сондай-ақ әскерилердің соңына да түсе алады. Бүгін сенат осындай талапты заңмен бекітіп берді, деп хабарлайды ktk.kz.

"Мені екі мәселе толғандырады. Ұлттық қауіпсіздікке бұндай құзырет беру ведомстволар арасындағы қақтығысқа алып келмейді ме? Және комитеттің жемқорлық қылмыстарын тергей алатын мамандары бар ма?" - деп сауал тастады сенат депутаты Дархан Қалтаев.

Құрылымдар қырғи-қабақ болмас үшін сенатор Қалетаев ұлттық қауіпсіздік комитеті ішінен американың федералды тергеу бюросы сынды бөлімше құруды ұсынады. Ол ешкімге бүйрегі бұрмайтын, бейтарап тергеу органы болуы тиіс. Бірақ, Бас прокуратура ұлттық қауіпсіздік комитетінің кәсібилігіне нық сенімді. Сонымен бірге, құрылымдар бір-бірінің ізін аңдуға дейін бармайды деген ойда. Ал бүгінгідей жемқорлыққа қарсы бюро тергеушілерінің өз ішіндегі қылмыстарды тергеуі объективті болмауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу