Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қауіпті айтты

1093

Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етумен байланысты міндеттер бірінші орында қалып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қауіпті айтты Фото: kazislam.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің мамыр айында болған Бішкектегі соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы кезеңде ТМД-да, жалпы әлемде болған оқиғалар біздің елдегі оперативті жағдайға айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етумен байланысты міндеттер бірінші орында қалып отыр", – деді Ермек Сағымбаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысында.

Сондай-ақ, ол ұйым елдері синтетикалық есірткі саудасына көбірек мән беру керектігін атап өтті.

"Трансшекаралық қылмыстардың, заңсыз көші-қон мен қару-жарақ контрабандасының қатері артып тұр. Есірткі трафигіне, әсіресе "синтетика" делініп жүрген есірткі түрінің таралуы біздің мұқият назар аударуымызды қажет етеді", – деді ҰҚК басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу