Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы құрылады

936

Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы құрылады

Еліміздің электрондық-ақпараттық ресурсы мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау мақсатында ұлттық киберқауіпсіздік орталығы құрылмақ. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Осыған орай "Қазақстанның киберқалқаны" тұжырымдамасы әзірленді. Жоба Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания секілді елдердің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жасалған. Оны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы 2017-2018 жылдары, ал екіншісі 2019-2020 жылдарға арналған. Тұжырымдама ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Кейіннен жинақталған тәжірибені сараптап, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Аталған сала бойынша IT мамандарын даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу