Ұлттық кино: Аудиторлық тексерістен кейін конкурс қайта жарияланатын болды

489

Жаңа конкурсқа үміткерлердің құжаттары 9-29 тамыз аралығында қабылданады. 

Ұлттық кино: Аудиторлық тексерістен кейін конкурс қайта жарияланатын болды Фото: bizbi.ru

Бұған дейін жарияланған конкурстық өтінімдерді қабылдау нәтижелері жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы биылғы қаржыландыруға үміткер киножобаларды іріктеу үшін конкурсты қайта жариялайды. Мұндай шешім аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша бекітілген. Бұған дейін жарияланған конкурстық өтінімдерді қабылдау нәтижелері жарамсыз деп танылды. 

Жаңа конкурсқа үміткерлердің құжаттары 9-29 тамыз аралығында қабылданады. Киножобаларды қорғау, яғни Сараптамалық кеңес отырысы қыркүйек айының соңында өтеді. 

"Біз мемлекеттік қаржы есебінен түсіріліп, кейін "ұлттық фильм" деп танылатын жобалар туралы айтып отырмыз. Сондықтан тексеру жүргізген аудиторлардың ұсыныстары мен шешімін ескеру және орындау керек. Ең алдымен, барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша болдырмау қажет. Кино қауымдастығы нарықты дамыту мен сапаны арттыру үшін бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Біз өз тарапымыздан үміткерлерге барынша көмектесуге әрі киножобаларға ақпараттық қолдау көрсетуге дайынбыз. Орталық та, киногерлер де әр теңге үшін есеп беретінін есте ұстағаны жөн", деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Конкурстық іріктеудің қорытындысы биыл қазан айында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу