Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурс жариялады

3227

Конкурска құжаттар 5-13 наурыз аралығында қабылданады.  

Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурс жариялады Фото: canva.com

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты министрлікке сілтеме жасап.

Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады:

Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін немесе сценарий жоспарларын қарау.

Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаттарын жинақтау жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Орталыққа сценарийлерді қарауға өтінімді, PDF форматында сценарийлерді, авторлық шарт пен жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтініш беруші мен сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты жіберуі қажет. Өтініш беруші фильмнің әр түрі, ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер бойынша тек 2 сценарий ұсына алады.

"Біздің мақсатымыз – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта іріктеуге қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында тұрақты жарияланатын болады. Конкурстық іріктеуге қатысты сауалдарыңыз болса, Кино орталығы жанынан кеңес беру қызметі ашылғанын хабарлаймыз! Бұған дейін осы жылғы киножобалар конурсына арналған басым тақырыптар тізімі жарияланған болатын. Киногерлер тұшымды дүние дайындап, көрерменге сапалы дүние ұсынуға күш салады деп сенеміз", – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу