"Ұлттық кітап" байқауы "Ұлттық кітап күні" мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады

264

Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.  

 "Ұлттық кітап" байқауы "Ұлттық кітап күні" мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады Фото: Сыр бойы

Қатысушыларға қойылатын шарттар

- Байқауға отандық жеке және заңды тұлғалар қатыса алады;

- Қатысушының жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды;

- Байқауға жұмыстарды қабылдау 2024 жылы "Ұлттық кітап күні" бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн аралығында (2025 жылдан бастап 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында) жүргізіледі;

- Байқауға қабылданатын кітаптар кейінгі 2 жылда жарық көрген болуы керек;

- қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді;

- Қатысушылар жұмысымен бірге өзі туралы ақпарат (1 бет көлемінде) және фотосуретін (сапалы) қоса жіберуі тиіс;

- жұмыстар электронды және кітап күйінде (3 дана) қабылданады.

  1. Байқаудың номинациялары:

1) Балаларға арналған үздік кітап;

- кітап күйіндегі проза, поэзия, драматургия бағытындағы шығарма.

2) Үздік комикс;

3) Нон фикшн бағытындағы үздік кітап;

- кітап күйіндегі танымдық, психологиялық, мотивациялық, бизнес  бағыттағы шығарма.

4) Детектив жанрындағы үздік кітап;

- кітап күйіндегі прозалық шығарма.

5) Сатира жанрындағы үздік кітап;

- кітап күйіндегі проза, поэзия, драматургия бағытындағы шығарма.

6) Үздік илюстрациялық кітап;

- кітап күйіндегі фото-альбом, иллюстрациялық жинақ.

7) Үздік аударма кітабы;

- кітап күйіндегі проза, поэзия, драматургия бағытындағы авторлық құқығы сақталған аударма шығарма.

8) Фантастика жанрындағы үздік кітап;

9) Үздік баспа.

- кейінгі екі жылда нарықта үздік нәтиже көрсеткен баспа;

10) "Жыл кітабы" – мазмұны мен баспа-полиграфиялық сапасы жағынан өте жоғары деңгейде дайындалған, сатылым көрсеткіші жоғары, жылдың ең үздік деген басылымына берілетін Гран-при сыйлық;

4. Сыйақы мөлшері

Әр номинацияның (9 номинация) жалпы жүлде қоры – 4 000 000 теңге.

1 орын (біреу) – 1 000 000 теңге;

2 орын (екеу) – 750 000 теңге;

3 орын (үшеу) – 500 000 теңге.

Гран-При ("Жыл кітабы") жүлдесі (біреу) – 5 000 000 теңге.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 41 000 000 теңге.

5. Байқауды өткізу

5.1 "Үздік кітап" жеңімпаздарының қорытындысын шығару

Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың еңбектерін толық жинақтап, қабылданған жұмыстарды қазылар алқасына жолдайды. Олар шығармаларды сараптап, үздіктерді дауыс беру арқылы анықтайды. Жүлдегерлер тізімі Ұйымдастырушылардың ресми сайтында жарияланады.

5.2 Қазылар алқасы және бағалау критерийлері

Байқауға төрелік етуге номинациялар бойынша: ақындар, жазушылар, аудармашылар, драматургтер, баспагерлер, дизайнерлер шақырылады. Байқаудың әділдігін сақтау үшін қазылар алқасы туралы ақпарат 5 (бес) жыл көлемінде құпия сақталады.

Қазылар алқасының мүшелері шығармаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • Көркемдік деңгейі;
  • Тіл тазалығы;
  • Сөздік қорының байлығы;
  • Өзіндік стильдің болуы;
  • Тақырып өзектілігі;
  • Мазмұн тереңдігі;
  • Тарихи әділдігі.
  • Өндірістік сапаның жоғары болу;
  • Диайнерлік жұмыстың жоғары болуы.

Осы критерийлерге жан-жақты сай келген шығармалар номинациялар бойынша жеңімпаз атанады. Әр номинация бойынша жеңімпаз шығарма саны бірден аспайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қаралмайды. Қазылар алқасының ұйғарымымен жүлдегер атанған шығармалар мен авторлар салтанатты түрде марапатталып, сыйлықтары табыс етіледі.

6. Байқауды қорытындылау

Байқауды өткізудегі негізгі мақсат – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

6.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

Байқау жеңімпаздары марапаттау салтанатты шарасына шақырылады. Аталмыш шараға ұйымдастырушы тарап, белгілі жазушылар, ақындар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, жүлдегерлерді құттықтайды және сыйлықтарын табыс етеді.

6.2. "Үздік кітап" байқауын және қатысушыларды насихаттау

Байқаудың өткізілу барысы туралы ақпарат Ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады. Жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі түгел таспаға жазылып, отандық телеарналардан, әлеуметтік желідегі парақшалардан көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар, ұлттық сыйлық туралы бірқатар апталық газет-журналдарға мақалалар басылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу