Ұлттық кітапхана мамандары сирек құжаттарды қалпына келтіру бойынша тәжірибе жинақтады

287

Олар Ресей мемлекеттік кітапханасында мәдени мұраны сақтаудың заманауи әдістерін меңгерді.  

Ұлттық кітапхана мамандары сирек құжаттарды қалпына келтіру бойынша тәжірибе жинақтады Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Ресей мемлекеттік кітапханасында құжаттарды реставрациялау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

13–24 шілде аралығында өткен оқу бағдарламасы теориялық және тәжірибелік сабақтарды қамтыды. Курс барысында мамандар қағаз негізіндегі сирек құжаттарды қалпына келтіру, консервациялау және реставрациялаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, мәдени мұраны сақтаудың озық тәжірибесімен танысты.

Оқу соңында қатысушылар қорытынды аттестациядан сәтті өтіп, біліктілігін арттырғанын растайтын куәліктерге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу