Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысының уақыты белгіленді

872

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы 25 ақпанға белгіленді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысының уақыты белгіленді

"2021 жылғы 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы болады. Басқосу бірнеше өңірдің қосылуымен онлайн форматта өтеді. Жиында бұрын айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ бірқатар жаңа бастама талқыланады",– деп жазды Ерлан Қарин Tелеграм каналында.

Еске сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы Президенттің қатысуымен былтыр 22 қазанда өткен болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу