Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келесі отырысының күні белгіленді

753

Алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. 

 Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келесі отырысының күні белгіленді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

"Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес, алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. Ақпан айынан бастап, аталған тақырып шеңберінде Ұлттық кеңес мүшелері тиісті сараптама жасап, өз ұсыныстарын дайындауға кіріскен. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады",– деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу