Ұлттық компания басшыларының жалақысы үшін 16 млрд теңге бөлініп келген

919

Мұны анықтаған аудиторлар Ұлттық компанияға жыл сайын Есеп комитетіне қарағанда 14 есе артық қаражат бағытталғанын айтады.  

Ұлттық компания басшыларының жалақысы үшін 16 млрд теңге бөлініп келген

Мемлекет Самұрық Қазына қорының топ-менеджерлеріне  жалақы үшін 16 млрд теңге бөліп отырған, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.   

Мұндай салыстырудың "не қажеті бар?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Аудиторлар бар мәселе жауапкершілікте дейді. Мысалы есеп комитеті өзіне жүктелген міндетті толықтай атқаруда. Ал Самұрық Қазына қыруар қаржы алса да, жұмыс тиімділігі төмен. Нәтижесі былай тұрсын, жалпы былтыр қазынадан бөлінген жарты трлн-ға жуық ақша негізсіз жұмсалған. Алайда жауапқа тартылып жатқан ешкім жоқ. Сонда бұл мәселе осылай жалғаса бере ме?  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу