"Қазақстан темір жолы" компаниясының Қостанайдағы филиалының жетекшісі 1 миллион теңге алмақ болған.
Ұлттық бюродағылардың айтуынша, Берік Қайдаров белгілі бір серіктестіктің вагондарын уақытылы жеткізуге жәрдемдесемін деп уәде берген.
Сонымен қатар, оның орынбасары Құрманалинов пен Қостанай стансасы басшының орынбасары Алматов 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталып жатыр. Бұдан бөлек, аталған филиалдың бас инженері Сәрсенбаевтың да қолына кісен салынды.
Қазір жемқор басшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға қомақты айыппұл не 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу