Ұлттық компания өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіруге кірісті

237

150 000 қарағай көшеті отырғызылды.  

Ұлттық компания өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіруге кірісті Фото: t.me/kmgpress

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қолдауымен Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрттен зардап шеккен Семиозерный орман шаруашылығының Новонежин орманшылығы учаскелерінде 150 000 қарағай көшеті отырғызылды. Көшеттер егілген аумақтың жалпы ауданы 22 гектарды құрады.

"ҚазМұнайГаздың" бастамасы өңірдің орман экожүйелерін қалпына келтіруге және биоәртүрлілікті арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда көшет отырғызу жұмыстары толық аяқталды.

Жасыл желек егу жұмыстарын Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы және  жергілікті орман шаруашылықтарымен бірлесе отырып және ҚМГ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу