Ұлттық компаниялар игермеген қаражатты бюджетке қайтарады

1860

Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палата хабарлады.    

Ұлттық компаниялар игермеген қаражатты бюджетке қайтарады Фото: gov.kz

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ жылдың соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару механизмі бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері қажетті шараларды қабылдады.

Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.

Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында "қажетсіз бос жатудың" орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Нәтижесінде қаражат анағұрлым маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін.

Мұндай тәсіл бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану тәуекелін азайтуға, ашықтық пен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Квазимемлекеттік сектор ұйымдары бөлінген ресурстарды жоспарлау мен жұмсауға жауаптылықпен қарайтын болады, себебі пайдаланылмаған қалдық енді жыл соңында міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу