Мемлекеттік тендерді май шелпекке айналдыру жағынан білім министрлігі, жергілікті әкімдіктер және ұлттық компаниялар озып тұр. Бүгін үкімет отырысында мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осындай баяндама жасап, парақор шенеуніктердің тізімін жария етті. Сонымен, агенттік қорытындысына сәйкес, 2016 жылы бірден 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкере болып, 90-нан астам лауазымды қызметкер жауапкершлікке тартылған. Оның қатарында есеп комитетінің аудиторлары, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің басшылық құрамы және "Бәйтерек-Девелопмент", "Қазақавтожол" топ-менеджерлері бар.
Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
"Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық дерегі дендеп тұрған аймақтардың да рейтингісін жасапты. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары және Астане мен Алматы қаласы алдыңғы қатарда тұр. Онда көбі мемлекеттік сатып алу қызметінде заңсыздыққа барған. Мәселен, Naryk.kz cайтының жазуынша, "Самұрық-Қазынадағы" тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырыпты."