Ұлттық компаниялардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың 55 пайызы сатып алулар кезінде болғаны анықталды. Бұл туралы мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары мәлімдеді. Алик Шпекбаевтың айтуынша, өткен жылы сала бойынша 137 қылмыс тіркелсе ағымдағы жылы оның саны бір жарым есе өскен. Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов болса, сатылымдардың бір қол арқылы жүзеге асатындығы шешуін таппай отырған мәселе дейді. Осы ретте министр квазисектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалық тұрғыда реттейтін заң жобасын әзірлегенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу