Ұлттық компаниялар сыртқы көмектің есебінен көркейіп жатыр

824

Ұлттық компаниялар сыртқы көмектің есебінен көркейіп жатыр

2017 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялардың шығындары 18,1 пайызға, яғни 71,1 млрд теңгеге қысқарып, табысы бір жылда 2,5 есеге, яғни 132 млрд теңгеге ұлғайған, деп хабарлайды naryk.kz.

Бұл өткен жылдың алғашы тоқсанымен салыстырғанда 2,7 есеге көп. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 48,7 млрд теңге болған.

Мемлекеттік сектор шығындарын тиімді пайдаланып, әрі акционерлердің қаржы құюының арқасында табысы ұлғайды. Бірақ ұлттық компаниялардың сатылымнан түскен пайдасы 16 пайызға төмендеген.

Компаниялардың табыс құрылымын зерттеп қарағанда табыстың көп бөлігі жұмыс белсенділігінің әсерінен емес, сыртқы көмектің әсерінен өскенін байқауға болады.

Атап айтқанда, 1 тоқсандағы сатылымнан түскен табыс 242,5 млрд теңге болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16,2 пайызға кем.

Сонымен бірге, қаржыландыру әсерінен түскен пайда да төмендеген, оның ішінде банктегі салымдардың сыйақысыда бар. Бұл тұрғыда ұлттық компаниялардың табысы 2016 жылдағыдан 38,4 пайызға немесе 43,3 млрд теңгеге азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу