Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин жасады. Мұның себебін вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында Хамзин былай түсіндірді.
Қазіргі таңда аталған топқа кіретін азаматтардың үлесі небәрі 2-4 пайыздан аспайды екен. Осының салдарынан еліміздегі ең мықты жоғарғы оқу орындарын үздік тәмәмдаған түлектер жұмыс таппай шетелге кетуге мәжбүр. Ал елімізде қалғаны жұмыссыз сандалып жүр дейді. Қазір осындай біліктілігі бар жастардың қатары 286 мыңға жетіпті.
Сондай-ақ депутат ұлттық компаниялар тарапынан Президенттің жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандарға 30 проценттік квота бөлу жөніндегі міндеттемесі дұрыс орындалмай жатқанын айтты.