Ұлттық компанияларды жекешелендіруден түскен қаржы сыртқы қарызды жабуға жұмсалады

759

Үкімет қаулысы ертең күшіне енеді.

Ұлттық компанияларды жекешелендіруден түскен қаржы сыртқы қарызды жабуға жұмсалады

4 ақпан күні "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.

Аталмыш құжат бойынша "Қазақстан темiр жолы", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Энерго" компанияларының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражаттың Ұлттық қорға аударылатын бөлігі сыртқы қарыздарды жабуға бағытталатын болды.

"5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан темiр жолы", ұлттық компаниясы", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы", "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамдарының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес сыртқы борышты өтеу үшін қажетті сомаға және "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – делінген қаулы мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу