Ұлттық компаниялардың қаржылық шығындарын кім қадағалайды?

1077

Заң бұзышылықтар өте көп.  

Ұлттық компаниялардың қаржылық шығындарын кім қадағалайды?

Есеп комитеті бүгін 2020 жылдың бюджеттің атқарылуына жүргізілген аудит қорытынысын сенатқа әкеліп, Үкімет жіберген тағы біраз былықтың барын жайып салды, деп хабарлайды AtamekenBusiness.

Мәселен, коронадағдарысқа бөлінген 6,9 трлн теңгені жұмсауда министрлер 355 млрд теңгені ысырап етіпті. Тиімсіз жұмсалған қосымша жарты трлн теңге тағы бар. Шығын мен кірісті Құралай Пионердің есептеп шықты.

Ал біздегі Ұлттық компаниялардың балансында бәрі бар. Тіпті моторлы яхта, шаңғы тарссасы, кафе және қонақ үйге дейін актив ретінде тіркелген. Сенатор Ольга Перепечина бүгін осылай деп, квазимемлекеттік сектордың пайдасы дүниелерге ақша шығындауды доғармай тұрғанын мәлімдеді. Енді мұндай бассыздыққа жол бермеу керек деген сенатор жаппай ревизия жүргізуді жөн санайды. Сонда қайықтан да асып түсетін пассивті баланста тұрған мүліктер табылып қаларына сенімді. Ең сорақысы, сенат депутаты мұндай былықтардың барын Қаржы министрлігі біле тұра, ашық жарияламай отырғанын айтады.

Тексеріс ауадай қажет-ақ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жобаларының 75% өзін-өзі ақтамайтыны анықталған. Сонда түкке де қажеті жоқ яки кіріс әкелмейтін дүниелерге ақша жұмсалған деген сөз. Теміржолшылардың бұл әрекетін қалай түсінуге болады? Жалпы, қаржылық шығындар қадағаланбай ма? Кім бақылауы тиіс? 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу