Ұлттық компаниялардың табысы артқан

1283

Бір жылда олардың табысы 4,2%-ға өскен.

Ұлттық компаниялардың табысы артқан

2021 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстандағы ұлттық компаниялар өнім сату және қызмет көрсету арқылы 424,7 млрд теңге табыс тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finreview.info-ға сілтеме жасап.

Биыл бірінші тоқсанда еліміздегі ұлттық компаниялар 424,7 млрд теңге пайда тапқан. Бұл 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,2%-ға артық.
 
Ұлттық статистикасы бюросының мәліметінше, өнім мен көрсетілетін қызметтің өзіндік құны 4,5%-ға немесе 329,7 млрд теңгеге төмендеген.

Осылайша, 2021 жылғы бірінші тоқсанда ұлттық компаниялардың жалпы табысы 51,7%-ға өсіп, 95 млрд теңге болды.

Сондай-ақ олар қаржыландырудан 81,2 млрд теңге табыс тапқан.
Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,3%-ға аз.

Ұлттық компаниялар 310,2 млрд теңге көлемінде басқа да кірісі болған (+17,1%). 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу