Ұлттық қор $1,3 млрд-қа өсті

954

Қазіргі құны 59,34 млрд доллар болды.

Ұлттық қор $1,3 млрд-қа өсті

2019 жылдың алғашқы 9 айында Ұлттық қор активтері 1,3 млрд долларға көбейіп, 59,34 млрд долларға жетті. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2,3%-ға артық, деп хабарлайды Finprom.kz. 

Ұлттық қордың  ЖІӨ-ге қатысты активтері 2018 жылы 34% болған. Тамыз айының басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Құжатта жинақ қоржынының активтерін стратегиялық түрде бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталғаны жазылған. 2019 жылдың екінші жарты жылдығында Ұлттық банк жинақ қоржыны активтерін теңдестірілген бөлу әдісіне көшу жұмыстары басталған болатын. Нәтижесінде тамыз және қыркүйек айларында алтынның 200475,43 және 199866,28 унциясы сатып алынды. Осылайша үшінші тоқсанда алтын қоржынының нарықтық бағасы 595,5 млн долларға жетті. Бұл жинақ қоржынының 1,17% құрайды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу