Ұлттық қор 10,6 млрд теңгемен толықты

753

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бұрынғы еншілес ұйымы – "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ны сатудан түскен ақшаны Ұлттық қорға аударғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық қор 10,6 млрд теңгемен толықты

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау үшін Холдинг ҚИҚ акцияларының жүз пайызын өткізу жолымен ҚИҚ-ты бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шараларды аяқтады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №323 қаулысын орындау үшін Холдинг активін бәсекелес ортаға беруден 2021 жылғы 27 қазанда 10 602 471 183 теңге мөлшерінде барлық қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу