Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық қор мен Үкімет резервінде қанша қаражат бар екенін мәлімеді.
"Ұлттық қордың резерві 65,5 млрд АҚШ долларына тең. 1 сәуірдегі жағдай бойынша оның мөлшері 57 млрд долларды құрайды. Бұл Ұлттық қорда қалған ақшаның мөлшері деген сөз. Нақтыланған бюджетте Үкіметің резерві 150 млрд теңгеге ұлғайтылған болатын. Бұл қаржы болжанбаған қиындықтарды еңсеруге арналған", – деді вице-министр.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу