"Ұлттық қор – балаларға": 9 милионнан аса АҚШ доллары аударылды

251

Мемлекет тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу үшін жалпы 47 358 өтінім орындалып, 5,24 миллион АҚШ доллары төленді.  

"Ұлттық қор – балаларға": 9 милионнан аса АҚШ доллары аударылды Фото: gov.kz

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна сомасы 42,48 мың АҚШ долларын құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) үшін шамамен 35,71 мың АҚШ доллары бөлінген.

Білім алу бойынша бір реттік толық көлемде ақы төлеу үшін 30 521 өтініш қабылданып, 3,42 миллион АҚШ долларына 2 352,7 мың АҚШ доллары төленген. Оның ішінде:

  • Білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт негізінде білім алу жинақтау салымын толықтыру бойынша 3 616 өтініш орындалып, 383,60 мың АҚШ доллары бөлінген.
  • Шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестік төлемдер немесе толық көлемде біржолғы ақы төлеуге 106,04 мың АҚШ доллары бөлінген.

Осы жылы Қазақстанның барлық азаматтарына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді.

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу үшін пайдалану бойынша толық ақпаратты enpf.kz сайтынан табуға болады.

Кәмелетке толған азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше ала алады.

Одан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алу ақысы үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу