"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша болашақ төлемдердің мөлшері артуы мүмкін

228

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.  

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша болашақ төлемдердің мөлшері артуы мүмкін Фото: inform.kz

Оның айтуынша, алдағы үш жылда Ұлттық қордан 5 триллион теңге алу жоспарланғанымен, қор активтерінің көлемі өсе береді деп болжанып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соған сәйкес, инвестициялық кіріс те артуы мүмкін. Бұл балалардың есепшоттарына түсетін қаражат көлеміне де әсер етеді.

Бағдарлама бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің елу пайызы 18 сегіз жасқа толмаған Қазақстан азаматтарының арасында тең бөлінеді. Қаражат кәмелетке толғанға дейін олардың есепшоттарында сақталады.

2027–2029 жылдары Ұлттық қордан алынатын 5 триллион теңге маңызды нысандар мен жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ. Ал биыл Үкімет Ұлттық қордан нысаналы трансферт алудан бас тартып, тек кепілдендірілген трансфертті сақтап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу