"Ұлттық қор – балаларға": Еліміздегі ең ширақ жастар Оңтүстік Қазақстанда тұрады

495

Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға бірінші болып Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары өтінім берген.

"Ұлттық қор – балаларға": Еліміздегі ең ширақ жастар Оңтүстік Қазақстанда тұрады Фото: Inbusiness.kz

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады. Оны Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) enpf-otbasy.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асыруға болады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еnpf-otbasy.kz платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенттері пайдаланды.
Диас Болат, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екінші курс студенті. Ол болашақ дене шынықтыру мұғалімі. 18 жастағы тәлімгер enpf-otbasy.kz платформада ең бірінші болып ағымдағы шот ашқан.

Ол "Ұлттық қор – балаларға" жобасынан аударылған қаражатты Отбасы банкінің депозитіне салып, болашақта баспана алуға қаражат жинаймын –деп жоспарлап отыр. Шот ашуда ширақтық танытқан Диас пен оның анасын Отбасы банк Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова бейнебайланыс арқылы жеке құттықтап, оқуында табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу