Ұлттық қор – балаларға: мақсатты талаптар қандай валютада аударылады?

498

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. 

 Ұлттық қор – балаларға: мақсатты талаптар қандай валютада аударылады? Фото: Inbusiness.kz

БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының жұмыс істеуіне қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мақсатты талаптарға қаражатты қандай валютамен аудару жоспарланғаны белгілі болды.

"18 жасқа толған балалардың мақсатты жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да да доллармен сақталады. Ересек бағдарлама қатысушысы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті операторға өтініш береді, ал БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банк шотына доллармен де аударады. Одан әрі уәкілетті оператор тұрғын үй және білім алу үшін жинақ ақшаны аударған кезде ақша аудару кезінде өзекті болатын бағам бойынша доллардан теңгеге айырбасталады", - делінген қордың ақпаратында.

Сонымен қатар, қазақстандықтарда бала ақшаны 18 жаста емес, кейінірек 20 немесе 25 жаста пайдалана алады ма? – деген сұрақ туындаған болатын. 

"Бала 18 жасқа толғанда оның атына автоматты түрде БЖЗҚ-да мақсатты жинақ шоты ашылады және оған Ұлттық қордан бөлінген қаражат аударылады. Ақша доллармен аударылып, мақсатты шотта 10 жыл сақталады. Егер осы мерзім ішінде ол бұл қаражатты пайдаланбаса, олар автоматты түрде оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы оның жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады", - деп атап өтті БЖЗҚ.

Сондай-ақ қор бұл ақшаны бала 18 жасқа толмайынша пайдалану мүмкін болмайтынын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу