"Ұлттық қор – балаларға": шоттардың операторы БЖЗҚ болады

2024 жылдан бастап Президент жариялаған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске асырылады.  

"Ұлттық қор – балаларға": шоттардың операторы БЖЗҚ болады Фото: gov.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі мәлім етті.

"18 жасқа толмаған барлық балаларға жеке жинақ шоттары ашылады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шот операторы "БЖЗҚ" АҚ болады. Жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толған кезде ғана пайдалануға беріледі", - деді Тимур Жақсылықов.

Келесі жылы бастаманы жүзеге асыру үшін заңнамаға түзетулер енгізу жоспарланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу