"Ұлттық қор балаларға": Шотты қадағалайтын оператор белігілі болды

466

Ұлттық қордан бүлдіршідердің шотына түсетін қаржыны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қадағалайды. 

"Ұлттық қор  балаларға": Шотты қадағалайтын оператор белігілі болды

"Ұлттық қор  балаларға" бағдарламасын жүзеге асыру үшін келесі жылы заңнамаға өзгеріс енгізілмек. Бастама 2024-ші жылдан іске асады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Үкімет отырысында мәлімдеді.

"18 жасқа толмаған барлық балаларға жеке жинақ шоттары ашылады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шот операторы "БЖЗҚ" АҚ болады. Жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толған кезде ғана пайдалануға беріледі", деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Ал, экономистер негізгі оператор тиімсіз таңдалған деп отыр. Осыған дейін, қаржысы жымқырылып, Әзірбайжанға қарызға да беріліп, ырым-жырым болған кездерді ұмытпаған жөн дейді. Сондай-ақ, зейнетақы қорындағы ақша инфляциядан әрі аса алмай келеді.  Ұлттық банктегі сала мамандарының кәсібилігіне де күмәнмен қарап отыр.

"Бірден айтайын қазіргі уақытта пайдалы жағын көру қиындау болып тұр. Зейнетақы активтерінің де қаншалықты басқарылып отырғанын көріп отырмыз. Біздің ҰҚ басқарылуы, зейнетақы активтерінің басқарылуы барлығы Ұлттық банктің мойынында ғой. Осы тұрғыда келгенде олардың мамандары қаншалықты кәсіби? Қаншалықты халықаралық сертификаттары бар? Күмән келтіреді. Зейнетақы қорындағы ақшалар да инфляциядан әрі аса алмай келе жатыр. Және де Ұлттық қор активтерінің де инвестициялық кірістілігі өте төмен. Өткен жылы 1,5-ақ пайыз болған. Өткен жылы сондай қорлар әлемде 7-8 пайыз деңгейінде кірістілікке қол жеткізді", деді экономист Мақсат Халық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу