"Ұлттық қор – балаларға": Зейнетақы қорына 18 жастағы қазақстандықтардан 100-ден аса өтініш түскен

438

Балалардың дені Ұлттық қор ақшасын білім беру ақысына жұмсамақ ниетте.

"Ұлттық қор – балаларға": Зейнетақы қорына 18 жастағы қазақстандықтардан 100-ден аса өтініш түскен Фото: Pixabay.com

"БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов осы уақытқа дейін кәмелетке толған қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"6 млн баланың ішінде 304 815 бала биыл 18 жасқа толады. Ол азаматтардың жинақтаушы шоттарына нысаналы жинақтар ретінде ақша түсті. БЗЖҚ-ға 9 күннің ішінде 100-ден астам өтініш келіп түсті. Оның 54-і білім беру ақысын төлеу, 49-ы тұрғын үй жағдайын жақсартумен байланысты. Өтініштердің 63-і орындалды, уәкілетті операторларға белгіленген банк шоттарына төлемдер жүргізілді. 21-і қарастырылып жатыр, 19-ы қабылданбады. Қабылданбау себептеріне келсек, кейбір азаматтарымыз бірнеше өтініш берген, соманы немесе деректерді қате енгізген", - деді Мұрат Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Балалар деректерін түзеп, қайта өтініш бере алады. 

"Статистика деректеріне сүйенсек, ең көп тұрғын – 922 841 бала Түркістан облысында орналасқан. Соның ішінде 18 жасқа толатын балалар – 41 968. Балалар саны бойынша екінші орында Алматы қаласы тұр. Үшінші орында Алматы облысы орналасты", - деп атап өтті "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу