Ұлттық қор Қазақстанды 3 рет күрделі дағдарыстан құтқарды – Елбасы

1331

Бүгінде Ұлттық қорда 90 млрд доллардан астам қаржы бар. 

Ұлттық қор Қазақстанды 3 рет күрделі дағдарыстан құтқарды – Елбасы

Ұлттық қор елімізді 3 рет "қорқынышты" дағдарыстан құтқарып қалды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 365 млн доллар тікелей шетел инвестициясы тартылған.

"Осылайша, Орталық Азия пен Кавказда (инвестиция бойынша – автор) бірінші орында тұрмыз. Яғни әлем бізге сеніп, жұмыс істеуге келді. Бүгінде ұлттық қорда 90 млрд доллардан аса қаржы бар", деді Қазақстанның тұңғыш Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.

"Ұлттық қор бізді экономикалық дағдарыстардан құтқарып келеді. Қор Қазақстанды 3 рет "қорқынышты" дағдарыстан құтқарды: Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыс, 2008-2009 жылдары болған қаржы дағдарысы, өткен жылғы коронавирус пандемиясы",деді Елбасы.

Ол өткен жылы ұлттық экономика 3%-ға төмендегенін, қордағы қаржы тиісті жұмыстарды жүргізуге септігін тигізгенін атап өтті.

Сөз соңында Елбасы елімізде ауқымды индустрияландыру жүріп жатқанын атап өтті.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу