Ұлттық қор мен зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляциядан 3,4% жоғары болды – Ерболат Досаев

672

Ұлттық банк үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, пандемия кезінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дер кезінде нақты шара қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп бергенде айтты. 

Ұлттық қор мен зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляциядан 3,4% жоғары болды – Ерболат Досаев

"2020 жылы Ұлттық банк ақша-кредит саясатын инфляцияның өсуін белгіленген 8-8,5% деңгейінің шегінде ұстап тұруға бағыттады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5% болды. Бұдан бөлек Ұлттық банк валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етті. Теңгедегі активтерді қорғау мақсатында алыпсатарлыққа жол бермеу және шетел валютасының ұсынысын қолдау бойынша шаралар кешенін қабылдады. 

"Ұлттық банк қаржы нарығын дамытуға көмектесті. Үкіметпен бірлесіп, ақша нарығындағы артық өтімділікті бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағыттадық. Нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымындағы нарық қатысушыларының үлесі 3,8%-дан 32,7%-ға дейін ұлғайды", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының мәлімдеуінше, қаржы реттеушісі дағдарысқа қарсы бастамаларды іске асыру үшін 2,3 трлн теңге жұмсады. 

"2020 жылы жоғары нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық банктің басқаруымен активтердің жоғары кірістілігі қамтамасыз етілді. Ұлттық қордың кірістілігі 7,6%, зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,9%-ды құрады. Бұл инфляциядан 3,4% жоғары көрсеткіш", – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу