Отбасы екі жыл бұрын аталмыш елге тұрақты қоныс аударған. Алайда, жақында балаларының шотына Қазақстанның Ұлттық Қорынан 100 доллардан түскен. Қор қаржысы шетел асқанның бәріне беріле берсе не болғаны?
"Біз елден 2 жыл бұрын шықтық. Басқа елге келгеннен кейін бәріміз бірден азаматтық алдық. Біз 2023 жылдың тамыз айында Қазақстан азаматтығынан айырылдық. Сұрақ, неліктен біздің балаларымызға төлемдер түсті? Неліктен біздің балаларымыздың ЖСН-і базада әлі тұр? Бұл ақшаны балаларымыз 18 жасқа толғаннан кейін кім алады?" - деді балалардың анасы.
Жағдай бір уақытта күлкілі де, шектен шыққан да. Қазақстандық балалар бұл ақшаны кәмелетке толғаннан кейін ғана ала алады, шетел азаматтары ешқашан ала алмайды. Балаларға Ұлттық қордан ақша есептеумен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры айналысады. Онда ІІМ деректер базасында бүкіл отбасы Германия азаматтары, ал, "жеке тұлғалар" деректер базасында әлі де Қазақстан азаматтары деп жауап берілді.
"Мүмкін, азаматтығын жоғалту рәсімі дұрыс өткен шығар. Бірақ, қандай да бір себептермен мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер балалар тізімін қалыптастыру күніне өзектендірілмеген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрақты негізде мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізеді және деректер базасы күн сайын өзектендіріледі." - деп жауап берді "БЖЗҚ" АҚ төлемдерді ұйымдастыру және ақпараттандыру департаментінің бас маманы Гүлнұр Ағайдарова.
Жеке тұлғаның дерекқорына 56 мемлекеттік орган қол жеткізе алады және кім қате жібергенін анықтау мүмкін емес. Полиция департаменті бұл біз емес деп сендіреді.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтығын жоғалтқанға дейін де деректерді біріктірген болуы мүмкін. Бұл себеп. Біз бұл ақпаратты уақтылы түзетеміз. Бұл базалар ақпарат алмасу іс жүзінде бір реттік болып табылады. Жарты жылда бір рет түсірілмейді"- деді Қарағанды облысы ПД көші-қон полициясы басқармасы бастығының м. а. Арман Уәлиев.
Қалай болғанда да, алаңдаудың қажеті жоқ, деп атап өтті зейнетақы қорындағылар. Ерте ме, кеш пе, барлық базалардағы мәліметтерді біртектілекке әкеледі. Ал, азаматтығынан айырылған балалардың есептелген жинақтары басқа қазақстандық балалар арасында қайта бөлінетін болады.