Ұлттық қор тұжырымдамасына өзгеріс енгізіледі

1122

Кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге дейін қысқарады.

Ұлттық қор тұжырымдамасына өзгеріс енгізіледі Фото: informburo.kz

Мәжілісте "ҚР Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы мақұлданды.

"Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2020-2021 жылдары 2 трлн 700 млрд теңгеге, ал 2022 жылы 2 трлн 600 млрд теңгеге төмендетіледі", – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Оның сөзінше, 2020-2022 жылдарға айқындалған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері Ұлттық қордағы қаражатты жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендетпеу туралы шартқа сай орындалады. 

"Ұлттық қордың жинақталуы маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін төмендететін кесте әзірленді. 2022 жылы трансферт 100 млрд теңгеге азаяды. 2023-2025 жылдары жыл сайын 200 млрд теңгеге төмендейді. Ал 2025 жылдан бастап Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 2 трлн теңгеге дейін қысқарады. Жыл соңына дейін Ұлттық қор тұжырымдамасына өзгеріс енгізіледі", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу