Ұлттық қор ұлттық валютаға қосымша қолдау көрсетті

646

Ішкі валюта нарығы сыртқы және ішкі факторлардың оң әсерінен дамыды.  

Ұлттық қор ұлттық валютаға қосымша қолдау көрсетті

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қор валютаны жоспарлы сату арқылы ұлттық валютаға дем бергенін баяндады. 

"Өткен айда квазимемлекеттік сектор экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөнінде қабылданған шаралары жалғастырды. Мамырда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сату көлемі бір айда 156 млн АҚШ долларын құрады. Мұнайдың әлемдік бағасының өсуі ішкі қолайлы факторлармен қатар теңгенің айырбастау бағамының мамырдағы бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеден 411,55 теңгеге дейін, яғни 3,1%-ға нығаюына ықпал етті. 8 маусымдағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа бағам бір АҚШ доллары үшін 397,27 теңге деңгейінде қалыптасты", – деді Ерболат Досаев.

Оның сөзінше, биыл мамырда ішкі валюта нарығы сыртқы және ішкі факторлардың оң әсерінен дамыды. 

"Мұнай бағасының өсімі Қазақстанның сауда әріптестері елдерінің валюталарына қолайлы әсер етті. Ресей рублі мамырда бір АҚШ доллары үшін 70,14 рубльге дейін 5,7%-ға, еуро – бір еуро үшін 1,11 АҚШ долларына дейін 1,3%-ға нығайды", – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу