Ұлттық қордағы доллармен сақталған қаражат республикалық бюджетке теңгемен аударылады

833

Ұлттық қордағы  доллармен сақталған қаражат республикалық бюджетке теңгемен аударылады

Жыл соңына дейін Ұлттық банк Ұлттық қордан 1 млрд долларды валюта нарығында сатылымға шығаруы мүмкін, деп мәлімдеді бас банкир Данияр Ақышев. Оның айтуынша,  халықтың девальвациялық болжамы шетелдік валюта құнының артуына себеп болған, деп жазады naryk.kz.

"Шетелдік валютаға сұранысты қанағаттандыруы үшін Ұлттық банк қыркүйекте доллар сатты. Нәтижесінде бас банктің интервенциясы $69,7 млн-ды құрады", — деді Ақышев.

Сонымен қатар, бас банкир биыл жыл соңына дейін Ұлттық банктен 1 млрд долларды валюта нарығында сатылымға шығаруы мүмкін екенін айтып қалды. Оның айтуынша, 1 млрд долларды теңгеге айналдыра отырып Ұлттық қордағы доллармен сақталған қаражатты республикалық бюджетке теңгемен аудармақ.

Өз сөзінде Ақышев алдағы уақытта теңгенің нығаюы мүмкін екенін айтып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу